Дүниежүзілік балалар күніне арналған республикалық онкүндік аясында «Бақытты бала - бейбіт елдің тірегі» тақырыбында әжелер қауымдастығымен кездесу өтті. Кездесу барысында ұлттық тәрбие, отбасылық құндылықтар және жас ұрпаққа мейірім мен ізгілік дарыту бағытында пікір алмасылды.

