Бүгін мектебімізде ҚИНЭУ кәсіпкерлік колледжінің өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесу барысында колледж мамандары 9-сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, оқу орнының ерекшеліктері мен білім беру мүмкіндіктері туралы кеңінен ақпарат берді.
Оқушылар ұсынылатын мамандықтармен танысып, болашақта таңдауға болатын бағыттар жайлы мағлұмат алды. Сонымен қатар, колледжге оқуға түсу тәртібі, қажетті құжаттар тізімі және қабылдау шарттары түсіндірілді.
Осындай кездесулер оқушылардың мамандық таңдауда дұрыс бағыт алуына және болашаққа саналы қадам жасауына үлкен септігін тигізеді.

