«Адалдық дүкені» атты акция. Бүгін мектебімізде «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы «Адалдық дүкені» атты акция ұйымдастырды. Мақсаты: қоғамда сенім атмосферасын қалыптастыру және оқушыларға өздерін жақсы адал адам ретінде тануға мүмкіндік беру.
«Адалдық дүкенінде» мұғалімдер мен оқушылар өздеріне қажетті заттарды алып, алынған тауар үшін ақшаны кассалық жәшікке қалдырды. Яғни, сатушысы жоқ дүкенде затты сатып алушылар өздеріне қызмет көрсетпек. Сауда орнының басты ерекшелігі де осында, яғни сатып алушылар өзіне тек адалдық принципі бойынша қызмет жасайды. Мектеп оқушылары, әсіресе 2-11 сынып оқушылары белсенділік танытып, өзін адал адам ретінде тануға үлестерін қосты. Сонымен қоса мектеп мұғалімдері де белсенділік танытып қатысты.
Қорыта келе, акция алға қойған мақсатына жетті. Біз мектеп оқушылары мен мұғалімдеріміздің қаншалықты қоғам арасында адал екенін жұмыс барысында көрсете білдік. Ұйымдастырылған «Адалдық дүкені» атты акциясы жоғары дәрежеде ұйымдастырылып, мектеп оқушыларының қызығушылығын танытты. Алдағы уақытта «Адал ұрпақ» ұйымы мектебімізде жиі акция түрлерін өткізіп тұрады.
Жетекшісі: Рахимова Ш.