Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

Бүгін мектебімізде 9 -11 сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру мақсатында Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтының өкілдерімен мазмұнды кездесу өтті.

Кездесу барысында институтта оқытылатын мамандықтар, жоғары оқу орнына түсуге қойылатын талаптар мен грант және ақылы бөлімге қажетті баллдар туралы толық ақпарат айтылды. Сонымен қатар студенттерге жасалатын мүмкіндіктер, заманауи оқу базасы, тәжірибеден өту, болашақта жұмысқа орналасу бағыттары кеңінен таныстырылды.

Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, болашақ мамандық таңдауға қажетті нақты әрі пайдалы мәліметтер алды.