Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

Бүгін қарашаның 22- сі күні мектеп асханасына бракераждық комиссия мүшелері тексеру жұмыстарын жүргізді. Бракераждық комиссия мүшелері: ДТЖО Ахметова М.Н., әлеуметтік педагог Урдабаева А.Ж., мектеп медбикесі Жаманова К.К., ата-ана Амирова Ж.Б.
Тексеру мақсаты:
-перспективалық мәзірге күнделікті мәзір мен дайын астың сәйкестігін тексеру;
- өнімдердің сақтау мерзіміне сәйкестігін сақталуды тексеру, сертификаттарды қарау;
- асхананың дезинфекциялық сұйықтықтармен қамтамасыз етілуі;
- дайын өнім салмағының нормаға сәйкестігі;
- сумен қамтамасыз ету жүйесінің сақталуы.
Тексеріс барысында комиссия анықтады:
1.Асханадағы ас мәзірі бекітілген перспективалық мәзірге сай.
2.Берілген дайын өнім күнделікті ас мәзірге сай.
3.Складтағы мен ас дайындайтын бөліктегі өнімдердің сақталуы талапқа сай.
4.Дайын өнім мен асханаға алынатын өнімдердің сапасының сақталуы анықталды.
5.Өнімдер арнайы складтық бөліктерде сақталады.
6.Сақтау мерзімі өтіп кеткен өнімдер анықталмады.
7.Дайын өнімді өлшеу барысында сәйкестік анықталды.