Қостанай қалалық №3 емханасының психолог маманының қатысуымен «Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында аналармен кездесу өткізілді.
Кездесудің мақсаты – ата-аналарға балалар мен жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу жолдары туралы ақпарат беру, сондай-ақ баланың психологиялық саулығын сақтауда ата-ананың рөлін түсіндіру.
Міндеттері:
– ата-аналарға балалардың эмоционалдық жағдайын түсіну және қолдау көрсету дағдыларын дамыту;
– бала мен ата-ана арасындағы сенімді қарым-қатынастың маңыздылығын түсіндіру;
– қиын жағдайларда баламен дұрыс сөйлесу және қолдау көрсету жолдарын көрсету.
Кездесу барысында ата-аналар өз пікірлерімен бөлісіп, психолог маманнан пайдалы кеңестер алды.

