Құрметті ұстаздар, ата-аналар және мектеп түлектері!
2025 жылғы 18 маусым күні сағат 18:00-де Ғафу Қайырбеков атындағы №9 жалпы білім беретін мектебінің акт залында 11-сынып оқушыларына аттестат тапсыру салтанатты рәсімі өтеді.
Бұл – мектеп өмірінің маңызды белесі, түлектеріміздің үлкен өмірге қадам басар ерекше әрі толқынысты сәті. Баршаңызды осы қуанышты мерекенің куәсі болып, түлектерімізді құттықтауға шақырамыз!
Күні: 18 маусым
Уақыты: 18:00
Өтетін орны: Мектептің акт залы
Түлектерімізге жарқын болашақ, биік мақсаттар мен толағай табыстар тілейміз!


