Астанада Орталық Азия елдерінің экологиялық білім беру мәселелері талқыланды
▪️ Бүгін елордада өтіп жатқан Аймақтық экологиялық саммит аясында «Балалар, жастар және климат» тақырыбында басқосу өтті. Жиын барысында Орталық Азия өңіріндегі экологиялық тәрбие және білім берудің өзекті мәселелері күн тәртібіне шығарылып, климаттың өзгеруіне төзімділікті арттырудағы білім беру жүйесінің рөлі талқыланды.
▪️ Басқосудың басты жаңалығы - Орталық Азия елдеріне арналған «Жасыл мектептер» аймақтық платформасының таныстырылуы болды. Бұл бастама климаттық сын-қатерлерге қарсы тұруда жастардың әлеуетін біріктіруді көздейді.
➡️ Толығырақ gov.kz сайтында


