Күні: 27.01.2025
Мұғалім: Түкібай Р.С.
Пән: Информатика
Сынып: 5А
Сабақтың тақырыбы: «Робототехника тарихы және перспективалары»
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды робототехниканың даму тарихымен таныстыру;
Қазіргі заманғы роботтардың қолданылу салаларын зерттеу;
Болашақтағы робототехниканың мүмкіндіктерін болжау арқылы оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту.
Сабақтың ерекшелігі:
Оқушылар топтарға бөлініп, робототехниканың даму кезеңдерін зерттеді;
Интерактивті әдістер қолданылды (бейнематериалдар, презентация, AR технологиясы);
Қазіргі заманғы роботтардың адам өміріндегі рөлін талқылап, оларды қандай салаларда қолдануға болатынын анықтады;
Болашақта қандай роботтар пайда болуы мүмкін екенін болжап, өз идеяларын ұсынды.
Нәтиже:
Сабақ жоғары деңгейде өтіп, оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігі артты;
Олар жаңа білім алып, робототехниканың болашағы туралы өз көзқарастарын қалыптастырды;
Жұптық және топтық жұмыстар арқылы оқушылардың зерттеу дағдылары мен шығармашылық ойлауы дамыды.
Сабақтан ерекше сәттерді төменде бөлістім!
#ашықсабақ #робототехника #информатика #болашақ #қазақстанмұғалімдері