2026 жылғы 19 ақпан күні мектебіміздің 10-сынып оқушылары кәсіптік бағдар беру аясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті ұйымдастырған «Ашық есік күні» іс-шарасына қатысып қайтты.
Іс-шара Қостанай қаласында өткізіліп, оқушыларға мемлекеттік қызметтің ерекшеліктері, қоғамдағы рөлі және болашақ мамандықты саналы таңдаудың маңыздылығы туралы жан-жақты мәлімет берілді.

