Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «БІЛІМДІ ҰЛТ, САПАЛЫ БІЛІМ – БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ» тақырыбында 1-10 сынып оқушылары арасында «Математика және шахмат» атты шахматтан мектепішілік турнирі ұйымдастырылды.
Мақсаты: Шахмат ойыны арқылы оқушылардың өзін-өзі басқару механизмдерін және қоршаған әлемді эстетикалық қабылдауды дамыту. Шахмат ойынына деген қызығушылықтарын арттыру.
Ойын қатысушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды.
Жеңімпаздар мен қатысушылар мадақтама қағаздары және тәтті сыйлықтармен марапатталды.