Апталықтың басты мақсаты- оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, тарихи - танымдық білімдерін тереңдету, географиялық ой- өрісін кеңейту. Сонымен қатар, оқушыларды елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу- апталықтың негізгі бағыттарының бірі болып табылады.
Апталықтың ашылуы барша қатысушыларға ерекше әсер сыйлап, алдағы іс- шараларға деген қызығушылықты арттырды. " Туған өлке - туған тарих қазынам" атты апталық өз деңгейінде өтіп, әр оқушы үшін пайдалы әрі есте қаларлық болатынына сенім мол.

