Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

30.01.25 жыл
2 «Б» сыныбында «Балалар кітапханасы» әлеуметтік жобасы аясында кітап оқуға және білім алуға қызығушылықты қалыптастыру, оқушылардың мотивациясын, шығармашылығын арттыру мақсатында «Ақылды ертегілер» әдеби мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Сайысқа қатысу үшін оқушыларға қойылған талап: 20 күн бойы 11 ертегіні ата-аналарымен оқып шығулары қажет болды. Барлық баланың тыңғылықты дайындалғаны байқалды. Сайыста викториналық сұрақтар, ертегі үзінділерін жалғастыру, ертегіні өз қиялыңмен аяқта, автор болсаң қандай ертегі жазар едің, ертегідегі ережелерді өмірде қолданасың ба, кейіпкерлердің қайсысынан үлгі аласың сұрақтары қамтылды және «Арлан күшік» ертегісі мұғалімнің қатысуымен сахналанды. Нәтижесінде 1-орын, Есім Жанел, Ахметбек Гүлназ, Сәрсенбай Іңкәр 2-орын Азаматұлы Таир, Сәрсенбай Кәусар, Алиев Расул, 3-орын Зейнолла Алдияр, Ибраев Алинур, Үсенқызы Ділназ, Шаяхмет Ертуған иеленіп, «Ең үздік оқырман» медальдарымен марапатталды. Жүлдегерлерді құттықтаймыз!!!
Сынып жетекшісі Ергалиева М.А.
https://www.instagram.com/reel/DFl_Gd9Ifbu/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==