“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында кәмелетке толмағандардың арасында азаматтық-құқықтық сана қалыптастыру және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында “Жас бүркіт” ұйымымен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында ұйым өкілдері оқушыларға құқықтық мәдениет, жауапкершілік, тәртіп пен заңды құрметтеу жөнінде кеңестер берді.
Сонымен қатар, жастардың бойында отансүйгіштік, адамгершілік және адалдық қасиеттерін дамытуға бағытталған мазмұнды әңгімелер өрбіді.

