Бүгін 8-сынып оқушыларымен “Ұшқыр ой алаңы” тақырыбында қызықты әрі мазмұнды пікірталас өтті. Оқушылар ХХІ ғасыр азаматына қандай қабілеттер маңызды екенін талқылап, өз ойларын еркін жеткізе білді. Дебат барысында қозғалған тақырыптар:
Инноваторды тәрбиелеуде не маңызды: кітап арқылы сыни ойлау ма, әлде цифрлық ортада өзін қорғай білу ме?
ХХІ ғасырда тұлға қалыптастыруда классиканы оқу маңызды ма, әлде интернет қауіпсіздігі дағдылары ма?
Кітап оқымай-ақ, тек цифрлық технологияға сүйеніп жаңашыл болуға бола ма?
Болашақтың саналы азаматын не қалыптастырады: кітап оқу ма, әлде қауіпсіз цифрлық орта ма?
Оқушылардың ойы ұшқыр, пікірі батыл, көзқарасы саналы болды.
Осындай дебаттар - жауапкершілігі жоғары, ойлай білетін адал азаматты қалыптастырудың маңызды қадамы.

