8 «Ә» сыныбында «Адал азамат, адал еңбек, адал табыс» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Сынып сағатының мақсаты – оқушылардың бойында адалдық, жауапкершілік, еңбекқорлық және әділдік құндылықтарын қалыптастыру.
Оқушылар адал азамат болудың мәні, еңбектің адам өміріндегі маңызы мен адал табысқа жетудің жолдары туралы ой бөлісті. Өз пікірлерін ортаға салып, адал еңбек пен шынайы жетістіктің арасындағы байланысты тани біліп үйренді.

