Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойын атап өту аясында білім беру мекемесінде "Абай әлемі" атты арнайы кітап бұрышы әзірленді.
Аталған кітап бұрышында ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты еңбектер, қара сөздері, поэмалары, зерттеу материалдары және фото деректер топтастырылды. Іс - шараның мақсаты - оқушылардың рухани - адамгершілік құндылықтарын арттыру, Абай мұрасын терең тануға мүмкіндік жасау, сондай - ақ жас ұрпақты ұлттық әдебиетке деген қызығушылыққа баулу.

