Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

Кәсіби бағдар беру аясында бүгін 9-сынып оқушылары Қостанай қаласындағы КГКП «Қостанайский колледж сферы обслуживания» колледжіне экскурсия жасап қайтты.
Экскурсия барысында оқушылар оқу орнымен танысып, қызмет көрсету саласы бойынша ұсынылатын мамандықтар туралы толық ақпарат алды. Колледждің материалдық-техникалық базасын көріп, оқу кабинеттерін аралап, тәжірибелік сабақтардың өту барысымен танысты.
Колледж мамандары білім беру бағыттары, оқу шарттары және болашақтағы жұмыс мүмкіндіктері жөнінде жан-жақты түсіндірме берді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маңызды мәліметтер алды.
Мұндай кездесулер оқушылардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына бағыт-бағдар беріп, өз қабілеттерін анықтауға үлкен мүмкіндік береді.