“Ең үздік сабақ” ашық сабақтар эстафетасы аясында 6 “В” сынып оқушыларымен тарих пәні мұғалімі Тоқаева Жаңылсын Төкенқызы “Халықаралық байланыстардың дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлі “ такырыбында ашық сабақ өткізді.Мақсаты: Педагогтардың шығармашылық әлеуетін көтеру, озат тәжірибе тарату. Сабақта заманауи әдіс-тәсілдері қолданылды. Оқушылар топқа “Пазлдар” құрастыру арқылы бөлінді. Өткен сабақты қайталау сұрақтары “Wordwall” платформасы арқылы “Алаңды ашыңыз” әдісімен берілді. Сабақта: “TARSiA”, “Кинометафора”, “Картошка фри” әдістерін де пайдаланылды. Сонымен қатар сергіту сәтінде “Нейро” жаттығуды орындады.