«Кітап оқитын ұлт» жобасының «Кітап оқитын мектеп» бағыты аясында 6-7 сынып оқушылары арасында онлайн тестілеу өткізілді. Тестілеу барысында оқушылар ұсынылған көркем шығармалар бойынша сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін көрсетті. Нәтижесінде оқушылардың оқу сауаттылығы, мәтінді талдау қабілеті және әдебиетке деген ынтасы бағаланды.


