«Латын әліпбиіне көшу – өркениет көшіне ілесу
6.12.21 күні 5 –сыныптардың қатысуымен «Латын әліпбиіне көшу – өркениет көшіне ілесу» атты интеллектуалды-танымдық ойыны өткізілді. Ойынның мақсаты – латынға көшу жұмыстарын насихаттау, оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру, латын қарпінде құрылған мобильді қосымшаларды тиімді қодануды дамыту болды. Ойынды директордың оқу- ісі жөніндегі орынбасары, эксперимент алаңының жетекшісі Ергалиева М.А. жүргізді. Ойын барысында қатысушылар 3 кезеңнен өтті. Бірінші кезең «Оқу сауаттылығы» деп аталып, көлемді мәтіндер оқуға берілді. «А, В. С» әдісі арқылы оқушылар латын қарпінде жазылған мәтінді оқи отырып, сұрақ дайындап, сұраққа жауап іздеді. Осы кезеңде сөздерді сәйкестендіру, қате жазылған сөздерді табу, жұмбақ шешу тапсырмаларын үлкен қызығушылықпен орындады. Екінші «Ой қозғау» кезеңінде салт-дәстүрге байланысты қызықты сөзжұмбақ шешілді. Үшінші кезең «Latyn grafıkasyna saıahat» деп аталып, мобильді қосымшаларды меңгере отырып, жекелеген сөздерді дұрыс табу , сәйкес суреттерді қою арқылы жұлдызшалар жиналды. Ойын барысында оқушылар тарапынан үлкен қызығушылық, белсенділік байқалды. Ойын соңында оқушылар тағы да осындай ойындарға қатысқысы келетіндерін білдірді. Шығармашылық жұмыс нәтижесінде 1-орынды 5 «А», 2- орынды 5 «Б», 5 «В», 3-орынды 5 «Ә» сыныбы иеленді. Осы топтарға демеу беріп, әділ қазылық еткен қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Маженова Л.Т. үлкен алғыс білдіреміз.
#QostanaiLatyn