Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

Мектебімізде 5-сынып оқушыларының бастауыш буыннан орта буынға өту кезеңіндегі психологиялық бейімделуін қолдау мақсатында тренингтік жұмыстар ұйымдастырылды.Тренинг барысында оқушылардың жаңа оқу жағдайына бейімделуіне, сыныптастарымен жағымды қарым-қатынас орнатуына, өзара сенімділік пен бірлік сезімін нығайтуға бағытталған түрлі психологиялық жаттығулар мен топтық ойындар өткізілді.Сонымен қатар оқушылардың эмоционалдық жай-күйіне, өздерін жаңа ортада еркін сезінуіне, ішкі сенімділігін арттыруға және сынып ұжымында қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыруға ерекше назар аударылды.Бейімделу кезеңі – әр баланың мектеп өміріндегі маңызды белестердің бірі. Осы кезеңде көрсетілген психологиялық қолдау оқушының жаңа ортаға сеніммен қадам басуына, өз мүмкіндіктерін ашуына және мектеп өміріне белсенді араласуына ықпал етеді.Басты мақсатымыз – әр оқушының өзін мектеп қабырғасында қауіпсіз, жайлы әрі маңызды тұлға ретінде сезінуіне жағдай жасау.