Әдістемелік кеңес отырысы жүргізілді. 🔶Директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ергалиева М.А. «Ұлағат» облыстық педагогикалық клубына озық педагогикалық тәжірибені ұсыну шарттарымен таныстырып, өтінімді, озық тәжірибе картасын толтыруды, рецензия формасын, жинақтауға қажетті әдістемелік құралдардың жиынтығын тиісті талапқа сәйкес жасауды көрсетті.
🔶Ал директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Байкадамова А.С. республикалық авторлық жұмысты патенттеу тәртібімен, авторлық құқықты қорғау, оның заңды ережелерімен таныстырып өтті. Сонымен қатар Salyk.kz салық төлеуші кабинетімен жұмыс жасау, яғни жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларация ұсыну нысандарымен жұмыс жасау құрылымын меңгертті.
🔶Кеңес соңында директордың АКТ жөніндегі орынбасары Күнкенова Ж.А. «Күнделік.кз»жүйесінде электронды журнал, электронды күнделік, құжаттардың жүргізілуі, бағдарламаның орындалуы бойынша анықтама жасады.
🔶 Педагогикалық әдеп кеңесі отырысы өткізілді. Педагогикалық әдеп кеңесінің төрайымы Әлім Н.Ә. кезекті педагогикалық әдеп кеңесін өткізіп, педагогикалық әдептің негізгі нормалары мен негізгі қағидаттары туралы толығымен мәлімет беріп, «Құқықтық сауаттылық» күні бойынша сауалнама жүргізді.
🔶 «Озық тәжірибе» мектебінің жетекшісі Макенова Б.Н. «Жеті модульді кіріктіре отырып оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында әдістемелік практикум өткізді.
🔶 «Жас зерттеушілер» мектебінің жетекшісі Таскумбаева Ж.С. мұғалімдерге арналған “Жобаны қорғауға қалай дайындалу керек” тақырыбында шеберлік сыныбын ұйымдастырып өткізді. Бұл шеберлік сынып аясында ұстаздар оқушылардың жобаны қорғаудағы үлгілі жоспарымен және презентацияға қойылатын талаптармен танысты.