Бастауыш сыныпты аяқтап орта буынға өту аясында 4 - сынып ата - аналары үшін “Отбасы - асыл мекенім” атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Бұл жиынның мақсаты болашақ сынып жетекшімен танысу және әр түрлі отбасындағы қызықты жағдаяттардан шығу. Осы іс шара барысында ата аналар тәтті шай іше отырып түрлі тапсырмаларды орындап, жағымды көңіл - күй орнатып өз әсерлерімен бөлісті. Балаларды орта буынға жетелеу жайында нұсқаулықтар алды.