Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын


Warning: file_get_contents(http://www.geoplugin.net/php.gp?ip=216.73.216.68): failed to open stream: HTTP request failed! HTTP/1.1 429 Too Many Requests in /var/www/vhosts/mektep9.edu.kz/httpdocs/components/com_jcomments/jcomments.php on line 46

27-қараша күні 6-ә сыныбында математика пәнінен "Рационал сандарға арифметикалық амалдар қолдану" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақта заманауи әдіс-тәсілдер қолданылды. Оқушылар 4 топқа "castlots" платформасы арқылы электронды түрде бөлінді. Өткен сабақты қайталау сұрақтары "wordwall" платформасы арқылы айналмалы дөңгелекпен берілді. Сабақта жеке, жұптық, топтық жұмыстар орындалды. Жеке жұмыс "бір қалам, бір қағаз" әдісімен беріліп, оқушылар тақтада орындады. Жұптық жұмыс "learningapps" платформасында дұрыс жауаптарын таңдау арқылы пазл құрастыруға берілді. Топтық жұмыста әр топ "тарсия" әдісімен берілген тапсырманы орындады. Сабақтың соңы "тик-ток" әдісімен қорытындыланды. Сондай-ақ, сергіту сәтінде нейрожаттығуды орындады. Пән мұғалімі Исмагулова К.А.