Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

2025 жылдың 29 желтоқсанында мектепте педагогикалық кеңес өтті.

Педкеңестің мақсаты: Білім сапасын арттыру, оқушылардың ғылыми-зерттеушілік қабілетін дамыту, дарынды балаларды анықтау, қолдау және дамыту жолдарын айқындау, сондай-ақ білім беруде жас ерекшеліктеріне сай тиімді тәсілдер мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдану.

Педкеңестің барысы:
Кеңес барысында келесі тақырыптар талқыланды:
«Мектептегі ғылыми орта: мұғалім мен оқушының бірлескен зерттеуі» – Баймолдина А.Б.
Дарынды балаларды анықтау, қолдау, дамыту – Базарбаева Б.Е.

Дарындылық: жас ерекшеліктеріне сай тәсілдер және ЖИ мүмкіндіктері – Сакаева Д.Е.
ІІ тоқсанның білім сапасының қорытындысы – Байкадамова Ә.С.

Педкеңес қорытындысында білім сапасын жақсартуға, дарынды оқушылармен жұмысты жүйелеуге және заманауи әдістерді тиімді қолдануға бағытталған ұсыныстар қабылданды.