Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

Семинарға барлық аудандардан 29 математика пәні мұғалімдері қатысты.

Семинардың ашылуына «МИФ» әдістемелік бірлестік  жетекшісі Сейтқазы Зухра Махмұтқызы сөз алып, келген қонақтарға семинар жоспарымен таныстырып өтті. Семинар барысында Қостанай қаласы Ғ.Қайырбеков атындағы №9 жалпы білім беретін мектебінің  математика пәні мұғалімі Дауренбекова Айгуль Талғатқызы «Түрлендірудің көмегімен тригонометриялық функциялардың графиктерін салу» тақырыбында 11 «А» сынып оқушыларымен ашық сабақ, Кенжетаева Татьяна Талғатқызы «Ерекше білімді қажет ететін оқушыларға математика пәнін оқытудың практикалық шешімдері» тақырыбында практикалық жұмыс көрсетті.

Сонымен қатар мектеп психологы Алимова Меруерт Берікқызы семинар соңында мұғалімдермен психологиялық көңілді тренинг  ұйымдастырды.  

Семинар соңында қатысушыларға «Кофэ-брейк» ұйымдастырылды, соның барысында қатысушылар  өз ойларын ортаға салып, өзара пікір алмасты.