Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

2022-2023 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін бекіту туралы

 Оқу сабақтары 2023 жылғы 31 мамырда аяқталады.

 9 -сыныптарда білім алушылардың қорытынды бітіру емтихандары 2023 жылғы 2-13 маусым аралығында өткізіледі.

11-сыныптарда білім алушылардың мемлекеттік бітіру емтихандары – 2023 жылғы 5-19 маусым аралығында өткізіледі.

 Қорытынды аттестаттауды өткізудің мынадай мерзімдері бекітілді:

9 -сынып оқушылары үшін:

1) қазақ тілінде эссе нысанында жазбаша емтихан – 2023 жылғы 2 маусым;

2) алгебра бойынша жазбаша емтихан (бақылау жұмысы) – 2023 жылғы 6 маусым;

3) орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) – 2023 жылғы 9 маусым;

4) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) – 2023 жылғы 13 маусым;

11 -сынып оқушылары үшін:

1) қазақ тілі бойынша жазбаша емтихан – 2023 жылғы 5 маусым;

2) алгебра және анализ бастамалары бойынша жазбаша емтихан – 2023 жылғы 8 маусым;

3) Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан – 2023 жылғы 12 маусым; 

4)   орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан – 2023 жылғы 15 маусым;

5) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзілік тарих, құқық негіздері, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) – 2023 жылғы

19 маусым.

«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары

үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық

және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту

туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008

жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

1-тараудың 35-тармағы бойынша  Қазақ тілі бойынша емтихан білім алушылардың бағдарламалар

мазмұнын меңгеруін бағалау мақсатында негізгі орта (5-8 сыныптар), жалпы орта

(10 сынып) деңгейінде академиялық жыл аяқталған кезде қазақ тілінде оқытатын

мектептерде «Қазақ тілі» пәні бойынша және қазақ тілінен басқа тілде оқытатын

мектептерде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша МЖМБС-қа (тыңдалым

(тыңдау), айтылым, оқылым, жазылым) сәйкес жазбаша және ауызша нысанда

өткізіледі.

Емтиханды өткізу уақыты білім беру ұйымының педагогикалық кеңесімен

айқындалады, тапсырмаларды академиялық адалдық қағидаттарын сақтай

отырып, педагогтер құрастырады және білім беру ұйымының әкімшілігі бекітеді.

«Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша қорытынды баға

емтихан (бес балдық шкала бойынша) және жылдық бағалау (бес балдық шкала

бойынша) нәтижелері негізінде 30-дан 70-ке пайыздық арақатынаста қойылады.

Қорытынды бағалау ең жақын бүтінге қарай дөңгелектеледі.