Адал азамат біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 7 сәуір — Дүниежүзілік денсаулық күніне орай 2 "А" сыныбында оқушылардың салауатты өмір салты туралы түсініктерін қалыптастыруға бағытталған сынып сағаты өткізілді
Сынып сағаты барысында оқушылар денсаулықтың маңызы, дұрыс тамақтану, жеке гигиена және белсенді өмір салты туралы мағлұмат алды. Түрлі қызықты тапсырмалар мен ойындар арқылы оқушылардың қызығушылығы артып, пайдалы әдеттерді қалыптастыруға бағыт берілді

