Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

19 қыркүйекте Дүниежүзілік тазалық күніне арналған жалпыұлттық акция аясында Қостанай қаласы білім бөлімінің «Ғ.Қайырбеков атындағы №9 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де аумақтың тазалығын сақтау және абаттандыруға бағытталған сенбілік өтті.
Мектеп педагогтері, техникалық қызметкерлері мен ата-аналар экологиялық акцияға қатысып, қоршаған ортаға деген қамқорлық әрқайсымыздан басталатынын көрсетті.
Тазалық — бұл тек айналамыздағы тәртіп қана емес, сонымен қатар планетамыздың болашағына деген жауапкершілігіміз! Әрқайсымыз өзімізден, кішкентай игі істерімізден және жеке үлгімізден бастайық.