Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

Балалар Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырған «Табиғатты аялайық» іс-шарасына қатысып, қоршаған ортаны қорғау туралы пайдалы мәліметтер алды. Іс-шара барысында балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында қызықты шеберлік сағаты өткізілді. Балалар өз қолдарымен түрлі жұмыстар жасап, ерекше әсерге бөленді.

Сонымен қатар, балалар Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры сахналаған «Бұртима» спектаклін тамашалады. Қойылым кішкентай көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, театр өнеріне деген қызығушылықтарын арттырды

Осындай танымдық және мәдени іс-шаралар балалардың шығармашылық ой-өрісін кеңейтіп, бос уақыттарын пайдалы өткізуге мүмкіндік береді.