Көкшетау қаласындағы М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының өкілі келіп, жоғары сынып оқушыларына академия туралы жан - жақты ақпарат берді.
Кездесудің мақсаты - оқушыларды азаматтық қорғау саласындағы мамандықтармен таныстыру, академияның оқу жүйесі, талаптары мен мүмкіндіктері туралы түсіндіру, қабылдау ережелері жөнінде толық мәлімет беру және болашақ мамандық таңдауда бағыт - бағдар көрсету.
Кездесу барысында оқушылар:
- Академия құрылымы мен оқу бағдарламалары туралы білді;
- Құжат тапсыру талаптары мен артықшылықтарымен танысты;
- Әскери тәртіп, оқу барысы және түлектерге берілетін мүмкіндіктер жөнінде сұрақтарына жауап алды.
Біздің мақсат - оқушыларға өз болашағын дұрыс жоспарлауға көмектесу және әрбіріне кәсіби бағыт - бағдар беру.
Осындай кездесулер оқушылардың кәсіби дамуына үлкен серпін береді.

