2025 жылғы 18 сәуірде мектебіміздің 10 «Ә» сынып оқушылары Кеңес Одағының Батыры, елі үшін ерлікпен қаза тапқан қазақтың қаһарман қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына орай «Ер есімі - ел есінде» атты сынып сағатын өткізді.
Сынып сағатының мақсаты - жас ұрпаққа Әлия Молдағұлованың өмір жолын, ерлік істерін таныстыру, отансүйгіштікке, батырлыққа, елін сүюге тәрбиелеу. Іс - шара барысында оқушылар батыр қыздың өмірбаянын айтып, өлеңдер оқыды. Сонымен қатар, Әлия туралы бейнебаян көрсетіліп, патриоттық әндер шырқалды.