Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

06.11.2025 жылы мектебімізде Ұлттық біріңғай тестілеу орталығының мамандары келіп, 10 - 11 - сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

Кездесудің мақсаты - оқушыларға 2025 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу тәртібі, тіркелу кезеңдері, пән таңдау ерекшеліктері, сондай-ақ тестілеу форматы мен жаңалықтары жөнінде жан-жақты ақпарат беру.

Кездесу барысында орталық өкілдері тестілеудің ережелері мен енгізілген өзгерістер туралы толыққанды мәлімет беріп, ҰБТ - ға қатысты жаңа талаптар мен мүмкіндіктерді түсіндірді.

Сонымен қатар, оқушыларға тестілеуге тиімді дайындалу жолдары, уақытты дұрыс бөлу тәсілдері, және психологиялық дайындықтың маңызы жайлы пайдалы кеңестер ұсынылды.