Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын


Warning: file_get_contents(http://www.geoplugin.net/php.gp?ip=216.73.216.157): failed to open stream: HTTP request failed! HTTP/1.1 429 Too Many Requests in /var/www/vhosts/mektep9.edu.kz/httpdocs/components/com_jcomments/jcomments.php on line 46

01.12.2023жылы мектебімізде «Биологиялық батл» зияткерлік сайысы болып өтті. Сабақты мектебіміздің биология пәні мұғалімдері Муканова Г.М. мен Г.С. Кабулова жүргізді. Оқушылардың биология пәні бойынша білім деңгейлерін, ой - өрісін байқау әрі кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын ояту, топпен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру, биология пәндерінен алған білімдерін жүйелеу мақсатында жүргізілген сайысқа 7 және 8 сынып оқушылары қатысты. Екі командаға бөлініп, оқушылар өздерінің білім деңгейлерін көрсете білді. Сайыс үш кезеңнен өтті. Сайыста ерекше білімдерін көрсете білген оқушылар марапатталды. Ерекше көзге түскен 7 сынып оқушылары: Атымтай Рамазан, Қайратқызы Мадина, Мұхамедуали Аймира, Бекбулатова Мадина, 8 сынып оқушылары: Баяхметова Жұлдыз, Қожабергенов Алдияр, Әлім Айнұр, Дүйсенбек Гүласыл мақтау қағазымен марапатталды. «Алаш» және «Бүркіт» командалары өздерінің білімдерін айқындай білді.