Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығы (19.11.2021 № 568 өзгерістер мен толықтырулар, ҚР Оқу-ағарту министрінің 15.08.2023 № 259 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.08.2023 № 343 бірлескен бұйрығымен.) «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» заңы негізінде ағылшын тілі мұғалімі уақытша бос лауазымына конкурс жарияланды. Конкурстық комиссияның қорытынды отырысы 22.12.2023 жылы сағат 13.00 де өткізілді. Комиссия қаралымына бос лауазымға 1 өтініш түсті:
1. Аштаева Г.А. 7,5 балл
Конкурстық комиссия қорытындысы бойынша аталған бұйрықтың 154-тармағы, 15-қосымшадағы нысан бойынша берілетін құжаттардың түгел және толықтығына, 16-қосымшаға сәйкес бағалау парағы бойынша жалпы 7,5 балл жинаған Аштаева Гулдархан Асановна жұмысқа 1 ставкамен 8.01.2024ж бастап қабылданады.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің Ғ. Қайырбеков атындағы №9 жалпы білім беретін мектебі» КММ-не орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі бос лауазымына конкурс жариялайды.
Орналасқан жері: Қостанай қаласы;
Мекен жайы: Қайырбеков көшесі 334;
Электрондық мекен-жайы:
Телефон нөмірлері: 56-46-22;
Жүктеме: 1 ставка.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Орналасқан жері: Қостанай қаласы;
Мекен жайы: Қайырбеков көшесі 334;
Конкурсқа құжаттарды қабылдауды бастау уақыты: 11.04.2023 - 19.04.2023.