Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 (19.11.2021 жылғы №568 өзгертулер мен толықтырулар) бұйрығына сәйкес мектепке педагог лауазымына қабылдаудың жаңа тәртібі бойынша Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің Ғ. Қайырбеков атындағы №9 жалпы білім беретін мектебі» КММ 21.02.2023ж №55 бұйрығы негізінде қазақ тілі мен әдебиеті бос лауазымына конкурс жарияланды. Конкурстық комиссия отырысы 3.03.2023 жылы сағат 10.00 де өткізілді. Комиссия қаралымына бос лауазымға 6 өтініш түсті:
Коштаева М.С., 21 балл;
Нұрбекова Б.Ж., 8,5 балл;
Ертуганова М.М., 10 балл;
Темирбекова А.С., 25 балл;
Шалдыбаева Г.Б., 8 балл;
Муханбетжанова Ж.М., 25 балл;
Конкурстық комиссия қорытындысы бойынша кандидаттыққа үміткер, балл деңгейі бойынша тең түскен 2 педагог Темирбекова А.С., Муханбетжанова Ж.М. әңгімелесу кезеңіне шақырылды. Шақырылған уақытқа Муханбетжанова Ж.М келген жоқ. Нәтижесінде аталған бұйрықтың 107-тармағында көрсетілген құжаттардың түгел және толықтығына байланысты, әңгімелесу кезеңінен сәтті өткен, бағалау парағы бойынша жалпы 25 балл жинаған Темирбекова А.С. жұмысқа 1 ставкамен 7.03.2023 жылы №61 бұйрықпен қабылданды.