Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің Ғ. Қайырбеков атындағы № 9 жалпы білім беретін мектебі» КММ - не математика пәні мұғалімі тұрақты бос лауазымына конкурс жариялайды.
Орналасқан жері: Қостанай қаласы
Мекен жайы: Қайырбеков көшесі 334
Электрондық мекен - жайы: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Телефон нөмірлері: 56-46-22
Жүктеме: 1 ставка
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

1) 15 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ - 175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама. 
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог - модератордың немесе педагог - сарапшының немесе педагог - зерттеушінің немесе педагог - шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS (IELTS) - 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) сертификаты - 60 - 65 балл;
11) 16 - қосымшаға сәйкес педагогтің бос лауазымына толтырылған бағалау парағы.
12) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін - өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут.

Төленетін еңбекақысы: 162812 теңге (1 жылдық еңбек өтілі бар мұғалім болса)
Конкурсқа құжаттарды қабылдау мерзімі: 11.02 - 19.02.25