Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің Ғ. Қайырбеков атындағы 9 жалпы білім беретін мектебі» КММ-не бастауыш сынып мұғалімі тұрақты бос лауазымына конкурс жариялайды.
Орналасқан жері: Қостанай қаласы
Мекен жайы: Қайырбеков көшесі 334
Телефон нөмірлері: 56-46-22
Жүктеме: 1 ставка
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
- 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат;
- кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
- Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
- психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- наркологиялық ұйымнан анықтама;
- сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
- ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) сертификаты - 60-65 балл;
- 16-қосымшаға сәйкес педагогтің уақытша бос лауазымына толтырылған бағалау парағы.
- тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут.
Төленетін еңбекақысы: 154.000 теңге (1 жылдық еңбек өтілі бар мұғалім болса)
Конкурсқа құжаттарды қабылдау мерзімі: 12.09.2024 - 23.09.2024