Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі №9 орта мектебінің білім берудегі мақсаты:
<! Білім арқылы тұтас әлемдік дүние туралы көзқарасын, қазіргі ғылыми-мәдени жүйе туралы құзыреттілігі қалыптасқан жеке тұлға қалыптастыру.
<! Жеке тұлғамен жұмыс атқаратын білім кеңістігін құра отырып білім алушыға жағдай туғызу, өзін қадағалай отырып дамуына қалыптастыру.
Тәрбиелеудегі мақсаты
Шығармашылдық, өзін-өзі анықтауға, дені сау, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына себеп болу.
Дамытудағы мақсаты
Білім алушының оқуға деген ынтасын қалыптастыра отыра, өз бойындағы қабіліттерін дамытуға көмектесу
Денсаулығын нығайтудағы мақсаты
Білім беру үрдісіне қатысушылардың денсаулығының сақталуына және нығайуына бағытталған жұмыстарды жаңарту және салауатты өмір салтына уағыздау.
Мектептің философиялық бағыты, іс-әрекетінің принциптері:
Басты принциптері – сыртқы орта субьектілерімен қарым-қатынас арқылы қоғамда өз орнын таба білетін, рухани бай, дені сау құзырлы тұлға қалыптастыру. Әрбір оқушыға мейлінше мүмкін және сапалы деңгейде, оның дербес өзгешеліктеріне сәйкесті негізгі және жалпы орта білім алуына мүмкіндік жасау. Оқушының өмірге және қоғамның дамуындағы ерекшеліктеріне бейімделуіне, ата-аналар мен оқушылардың білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға көмектесу.
Мектептің әдістемелік жұмысының тақырыбы:
«Оқу-тәрбие үрдісіне оқытудың жаңа технологияларын енгізу және бағдарлы оқытуды жүзеге асыру арқылы білім сапасын арттыру»
Әдістемелік жұмыстың мақсаты:
Мұғалімнің педагогикалық шеберлігін және ғылыми-теориялық, әдістемелік дайындықтарын жетілдіру, педагогтардың инновациялық іс- әрекетін дамытуға ынталандыру,шығармашылық қабілетін жетілдіру.
Әдістемелік жұмыстың міндеттері:
Әрбір оқушыға өз мүмкіндігімен қажеттілігіне сәйкесті білім алуына, тез өсіп келе жатқан тұлғалық және шығармашылық қабілеттерінің шыңдалуына жағдай жасау.
Оқушыны тұлға ретінде сыйлауды ұстаным ететін жағымды эмоционалды қарым-қатынас қалыптастыру (« мұғалім-оқушы», «оқушы-оқушы», «мұғалім-мұғалім», «оқушы-ата-ана», «мұғалім-ата-ана» деңгейінде).
Оқушылардың құндылықтық қасиеттерді, қарым-қатынас мәдениетін игеруі, оқушының шынайы өмірге бейімделуіне психологиялық түзету, оқу барысында пайда болған қиындықтарды жеңе білуге үйрету.
Оқушының табысты әлеуметтенуін қамтамасыз ету, яғни тек қана өмір сүріп отырған ортаға бейімделуін ғана емес, сол ортаны өзінің өмірлік мақсаттарына сәйкесті өзгерте алуы.