Жас ұлан ұйымына 10 жыл
"Жас ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымы қазіргі таңда республикалық қоғамдық бірлестігі. Елбасымыздың бастауымен құрылған болатын. «Жас ұлан» ұйымына кірген балалар, өскелең ұрпақ адами құндылықтарға және тәрбиеге, сонымен қатар патриоттық сезімге үйренеді. Жыл сайын олардың қатары артып келеді. Бірыңғай «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсімі республикада жылда аталып өтеді.
Биыл тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы және Жас Ұлан ұйымының құрылғанына 10 жыл толуына орай, Жас ұлан және Жас қыран қатарына қабылдау салтанаты мектебімізде 19 мамырда атап өтілді. Жас қыран қатарына бастауыш сынып оқушылары қабылданды.
Іс-шараны ұйымдастырушы мектебіміздің аға тәлімгері Ергалиева А.К. және Жас ұлан ұйымының тәрбиеленушілері Жас қырандықтарға төс белгілерін тақты.
#Тәуелсіздікке30жыл
#Жасұлан10жыл
#өзінөзібасқару