Биыл ғана жоғары оқу орынының қабырғасынан келеген жас маман Ундрисов Мадияр Қанатұлы 28.01.2020ж. өзінің алғашқы ашық сабағын өткізді. 4 «Ә» сынып оқушыларына «Қашықтықтан өту тапсырмалары» тақырыбында жоғары деңгейдегі сабағын өткізді. Жас маман болса да сабақ жоспары методикалық сауатты құрылған, оқушылармен кері байланыс, өзін-өзі бағалау, барлық оқушыларды қамту, оқу – танымдық атмосфера жасау, пайдаланылатын оқыту әдістері, оқушылардың сабақта жұмыс істеуі, сабақтың тәрбиелік жағы, мұғалім мен оқушылардың қарым -қатынасы бөлімдері толық жүзеге асырылды. Тәлімгері Есимов Болат Сейдахметұлы Мадиярға тәжірибелік көмек көрсетіп, жас маманға жетілдіру мәселелері бойынша теориялық және практикалық білімді және оның сапасын арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізгені көрініп тұр. Болашақта Мадияр Қанатұлы өзінің тәлімгеріндей ұлағатты ұстаз болатынына сенімдіміз!