«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
Ғ. Қайырбеков атындағы №9 орта мектебі»ММ
Жалпыреспубликалық бірыңғай «Адалдық сағаты»
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен Ғ.Қайырбеков атындағы №9 орта мектебінде жалпыреспубликалық «Адалдық сағаттары» өтті. Мектеп бойынша әр сыныпта сабақ барысында аталып өтілді. Ал өзін-өзі тану мұғалімдері Аймукатова Ж.К мен Ергалиева М.А адалдық, парасаттылық, әділдік пен сенім тақырыбында ашық іс-шара өткізді. Аймукатова Ж.К 11-сыныптарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жайында дәріс оқыды. Дәріс барысында мектеп түлектеріне адалдық пен әділдік жайында мәліметтер беріліп, ой қозғалды. Мектеп түлектері өз ойларын ортаға салып, алған мәліметтерін газет беттеріне түсіріп, қызу пікір-талас жүргізді. Ал өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Ергалиева М.А бастауыш сынып оқушыларына адалдық пен әділдік, парасаттылық пен сенім жайында ашық іс-шара өткізді. Сынып оқушылары бір-біріне сенім артып, бір-біріне шынайылық таңытты. Соңдай-ақ қоршаған әлемде әділ және адал қарым-қатынас жасау ең басты міндетіміздің бірі екенің білді. Іс-шара барысында оқушылар жағдаяттар шешіп, өз ойларын ортаға салды. Мектеп тәлімгері Ергалиева А. К «Жас ұлан» ұйымының балаларымен , мектеп мұражайында әділдік пен адалдыққа, қоғамның жемқорлық сияқты дертіне қарсы тұруға байланысты дөңгелек үстел өткізді. Осындай іс-шаралар барысында ұстаздарының айтқан ақыл-кеңестерін ойларына түйіп алуға тырысқандары оқушылардың жүздерінен көрініп тұрды.