Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Ғ. Қайырбеков атындағы №9 орта мектебінің 1-11 сынып оқушыларының « Рухани жаңғыру» бағдарламасына байланысты күзгі демалыс кезіндегі Қостанай қаласындағы «Өлкетану» мұражайына саяхат жасады.
2019 жылдың 28-31 қазан күндері аралығында 1-11 сынып оқушылары Қостанай қаласындағы «Өлкетану» мұражайына саяхат жасады. Ауа-райының бұзылуына және демалыс күндеріне қарамаста бүкіл оқушылар қызығушылықпен барып тамашалады. Оқушыларды экскурсант «Туған өлке», « Қоныс аударушылар», «Қостанай қаласының тарихы», «Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы батырлары», «Қостанай облысындағы тың және тыңайған жерлер», « Табиғат», «Палентология», «Археология» залдарымен таныстырды. Әр залдың өзінік ерекшелігі оқушыларға қызықты әсерлер қалдырды. Сонымен қатар оқушылар сынып жетекшілермен бірге Ы.Алтынсарин мавзолейіне саяхат жасады.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Н.Назарбаев айтқандай, «Қазақстандағы халық ағарту ісінің тұңғыш абызы Ыбырай Алтынсарин. Ол дәуір әрбір түркі үшін барып тұрған жарық жұлдыздар болып табылатын көрнекті ағартушылардың тұтас бір тобын тарих сахнасына шығарды. Олар халықтың сауатын ашып, сана-сезімін арттыруды негізгі міндеті санады». Осы мақсатта кейбір сыныптар Қостанай облысы, Қостанай қаласындағы Ыбырай Алтынсарин мемориалдық кешеніне барып келді. Атамыздың отандастарына деген жанашырлығын, оның мектеп ашып, оқуға шақырғанын және балаларға деген көптеген еңбектерін еске түсіріп, бір минуттік үнсіздікпен атамызға деген құрметті білдірді. Ыбырай атамыздың ашқан мектептерінің жергілікті жер картасымен танысты. Сонымен қатар оқушыларымыз атамыздың өлең-тақпақтарын кешеннің басында айтып, құрметтерін білдірді. Саяхат өз деңгейінде өтіп, қойған мақсатымызға қол жеткізіп, оқушыларымыз өте жақсы көңіл-күйде оралдық.