"Рухани жаңғыру" бағдарламасының “ДӘСТҮР МЕН ҒҰРЫП” арнайы жобасы
Жобаның мақсаты - көнеріп, қолданыс аясы тарылған дәстүр мен ғұрыптан бас тартып, ұмыт болғанын жаңғыртып, тәрбиелік және адамгершілік құндылығы жоғары салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды заманға сай түрлендіру. Және, қазақтың ұлттық асханасының ерекшелігі мен құндылықтарын кеңінен дәріптеу.
⠀
Бұл мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді орындау қажет:
- Ұлттық рухты, патриотизмді, тәлім-тәрбиені дәріптейтін қазақтың салт-дәстүрлерін жаңғырту;
- Жалпыхалықтық рухани құндылықтарды күшейту;
- Халықты салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты сақтаудың маңыздылығымен ақпараттандырып, ұлттық құндылықтарға деген сезімді арттыру;
- Жас ұрпаққа ұлттық құндылықтармен қазақ асханасының пайдасын дәріптеу.