ПБЗ (психо-белсенді заттарды) қолданудың алдын-алу бойынша жадынама
Қымбатты ата-аналар!
Көп жылдар бойы біздің қоғамдағы әлеуметтік маңызды мәселелердің бірі жеткіншектер мен жастар арасында психобелсенді заттарды(ары қарай ПБЗ) қолдануы мен таралуы болып отыр.
Жыл сайын кәмелеттік жасқа толмағандар ПБЗ пайдаланудың құрбаны болуда.
Тіпті психобелсенді заттарды аздаған көлемде қабылдағанның өзінде ол денсаулықтың қатты бұзылуына және қайғылы жағдайларға ұшыратуы мүмкін.
ПБЗ қолданудан мектеп оқушыларының денсаулығына және өміріне қауіп төндірудің алдын-алу мақсатында кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құрамында наркотикалық және психобелсенді заттарды қолдануда еліктеушілікті болдырмау мақсатында ескерту және қолданған жағдайда бірінші мынадай белгілеріне назар аудару қажет:
□ спирттік ішімдіктің иісі болмасада мае болу;
□ киімінен, демалған ауасынан, терісінен, шаштарынан таныс емес біртүрлі иістің шығуы;
□ үйқының бұзылуы: көп үйықтайды немесе үйықтай алмайды;
□ тым тамақты көп ішуі немесе тәбетінің жоғалуы;
□ көңіл күйінің жиі күрт өзгеруі (шамадан тыс эмоциаға берілу,/ депрессия);
□ түмау жэне аллергия белгілерінсіз үнемі мүрын бітелуі
□ сабақ үлгерімінің кенеттен нашарлауы, сабақты көп қалдыру;
□ күнделікті бос уақытын өткізіетін сүйікті ісіне қызығушылығының азаюуы:
ескі достарымен араласуын доғаруы және жаңа дос іздеуге ұмтылмау; бос уақытын жаңа бейәлеуметтік топтарда өткізуі;
□ ата-аналарымен қарым-қатынаста түйықтық, отбасылық жағдайлардан тыс жүруі;
□ қайда жүмсайтынын түсіндірмей жеке шығындарына ақшаны қосымша беруін жиі сүрауы;
□ үйде заттардың жоғалуы жэне үйде жиі болмауы;
□ сөйлеу мәнерінің өзгеруі, жаңа таныс емес сөздердің пайда болуы;
□ жиі таныс емес адамдермен жасырын сөйлесу;
□ үнемі жеңі үзын күртелерді киіп жүруі тіпті жаз уақытында шешпеуі;
□ барлығын кілтпен жауып жүруі: бөлмесін, стол жэшігін, шкатулкалар т.б; □ жаңа арнайы заттардың пайда болуы және өзімен бірге сақтауы: папирос, фольга қиындылары, қарайған қасықтар, шприцтер немесе оның инелері, ішке егуге арналған жгутттар, таблеткалардың ыдыстары немесе босаған қабықтары, дәрі-дәрмек амплуласы, кеуіп қалған дәрі іздері бар мақталар , ақ ұнтақ іздері немесе кірлеген қырытантын заттар, марганцовка көбіршіктері, уксус құйылған ыдыстар, ацетон, дақ кетіруші заттар, басқада химикалық кетіргіш зататар.
Кәмелеттік жасқа толмаған бала наркотикалық затарға үйір болғанын келесі белгілері арқылы көруге болады: қан тамырына жасалған инъекция іздері, көз қарашығының өзгеріп отыруы,тым кішкентай немесе тым үлкен көз қарашығы,көздің табиғатқа тән емес жылтырауы, түсініктіз, созып сөйлеуі, спирттік ішімдік иісі болмасада қимыл-қолзғалысының ретсіздігі, наркотикалық затарға рецепт, түсініксіз зататрға толы пакетиктер: порошок, кептірілген саңырауқұлақтар, химияға қызығушылығы болмасада химиялық құрылғыларды қолдануы,топтық түрлі эксперименттер жасаулары.
Егер жеткіншек бойында аталған белгілерді байқаған болсаңыз тез арада мамандарға жүгінгеніңіз жөн.
Ата- ана есте сақтаңыз, егер кәмелеттік жасқа толмаған баланың ерте ПБЗ қолдануын анықтаған жағдайда, наркологиялық бөлімдерде нарколог-дәрігермен және білім беру ұйымдарында психологтармен алдын-алу жұмыстары тегін жүргізіледі!!!
Ата-ана, есте сақтаңыз, Сіздің балаларыңыздың денсаулығы және қауіпсіздігі сіздің қолыңызда!