Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

«Отбасы бақыт мекені»

Өткен аптада Ғ. Қайырбеков атындағы №9 орта мектебінде «Отбасы бақыт мекені» атты республикалық аталық өтті. Жоспарл

анған іс-шаралар бойынша түрлі жұмыстар атқарылып орындалды. Ата-аналар жиналысында «Отбасы құндылықтары» туралы сөз қозғалып, қосымша ақпарат берілді. Ата-аналарға балалар тәрбиесіндегі жауапкершілік туралы кездесуде әңгіме-сұхбат жүргізілді. Сонымен қатар отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатымен орта буын мен жоғарғы сыныптарда ата-аналармен бірге әр түрлі тренингтер өткізілді. Ал кіші буын сыныптарында отбасы тақырыбында флеш-моб, суреттер көрмесі ұйымдастырылды.   Апталықта 1-11 сынып оқушылары арасында  отбасы тақырыбында фотоконкурс, коллаж, суреттер, эссе ұйымдастырылып өткізілді. Оқушылар шығармашылық өнер арқылы отбасы өнерін насихаттады. Нәтижесінде «Отбасы бақыт мекені» атты апталықта мұғалім - ата-ана - бала бірігіп жемісті жұмыс атқарды.

Бастауыш сынып мұғалімі Түлкенова А.М.