«Дені саудың - жаны сау!»
Салауатты өмір салтын қалыптастыру, насихаттау мақсатында 14.09 күні Ғ. Қайырбеков атындағы №9 орта мектебінде «Дені саудың - жаны сау!» атты денсаулық күні өтті. Бұл іс-шараға 2-11 сынып оқушылары, мұғалімдер мен ата-аналар қатысты. Ұйымдастырылған бұл іс-шараның басты мақсаты: жастарға, балаларға салауатты өмір салтын ұстану мәдениетін қалыптастыруды насихаттау еді. Жаттығу жүргізу мектеп кешенінде өтіліп, біршама көңілді сергітерлік әндер шырқалып, билер биленді. Еліміздің әнұранымен басталған іс-шара оқушылар мен ата-аналардың бірге жасалған жаттығуларымен жалғасты. Әр сынып бір-бірімен эстафетада жарысты. Нәтижесінде жеңген оқушаларды мадақтау қағазымен марапаттады. «Халықтың салауатты өмір салты мен денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі білімі мен хабардарлығын арттыра беру міндет. Халық арасында спорттың бұқаралық сипат алуына және спортты насихаттауға ерекше ден қою керек….» - деп, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтқандай, өскелең ұрпақ - біздің ертеңіміз болғандықтан олардың спорттық білімдерін арттырып қана қоймай,осындай іс-шараларды көптеп ұйымдастыру жастардың салауатты өмір салтын дұрыс ұстануға өз септігін тигізері сөзсіз!
Ғ. Қайырбеков атындағы №9 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Түлкенова А.М.