«Бұл өмірде барлық адамдар білім алуға құқылы және сол білімнің жемісін көруге тиіс». Бұл сөздер ХІХ ғасырда Фридрих Энгельсонмен айтылған және де өзінің көкейтестілігін ХХІ ғасырда да жалғастыруда. 2008 жылы мектеп жасындағы оқушылардың мектепке дайындықпен келуіне қайырымдылық көрсету жолында Қазақстанда жалпы республикалық «Мектепке барар жол» акциясы өз жұмысын бастады.
Жыл сайын қаржылай және материалдық көмек көрсету жолында аз қамтылған отбасындағы балаларға «Мектепке барар жол» акциясы өткізіледі. Бұл акцияның мақсаты көп балалы және аз қамтылған отбасындағы балаларға, жетім балаларға, ата-ана қарауынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезінде қолдау көрсету және 1 қыркүйекке әлеуметтік себептерге байланысты баланың оқуға келмеуін ескерту болып табылады.
Акция барысында жаппай оқыту білім қорынан оқушыларға кеңсе тауарлары , мектепке қажетті киімдермен қамтамассыз етілді. 125000 теңге көлемінде көмек көрсетілді. Ақция қыркүйек айының соңына дейін жалғасады. №9 Ғ.Қайырбеков атындағы орта мектеп ұжымы да осы акция барысында назардан тыс қалмай өз үлестерін қосты. Дом.Культура,Отдел Ветенарии,Акимат, Пкд.коллектив алғысымыз шексіз. Жоғарыда аталып өткен ұйымдарға мектеп және ата-аналар тарапынан қолдау көрсеткендері үшін алғысымыз шексіз.
№9 Ғ.Қайырбеков атындағы орта мектебі. Әлеуметтік
педагогы Кошенова К.Ж.