Кәсіби мереке қарсаныңда Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 9 орта мектебінде айтулы мереке - «Мұғалімдер күні» өткізілді. Салтанатты жиын қазақтың домбырасын басталып, мектебіміздің директоры Молдахаликов А.Н. сөзімен жалғасты. Сіздерді Ұстаздар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Ұстаздар күні – бұл дәстүрлі әрі бүкілхалықтық мереке десек артық айтқандық болмас. Ұлы ғұламалардың да ұстазы болған. Абыройлы міндетті ақаусыз атқарған мұғалімді халқымыз қашанда ерекше құрмет тұтқан. Ұстаздың әр адам жүрегінен алатын орны айрықша, қолына қалам ұстатып, алғаш әліппені үйреткен мұғалімін жылылықпен еске алмайтындар кемде кем. Ұстаздарымызға арнап басымызды исек те артық кетпегеніміз болар ”, дей келіп, – құттықтауда Ұстаз сөзінің қасиетті ұғымдардың қатарынан орын алуының өзінде үлкен мән жатқандығын атап өтті. Сонымен қатар,осы ұстаздардың құрметіне мектеп бүлдіршіндері ән шырқап, би билеп өз ұстаздарын төл мерекелерімен құттықтады. Ал быил бітіруші түлектер бүкіл ұстаздар ұжымына өздері дайындаған билерін көрсетіп, әндерін шырқады. Оқушылар атынан ізгі тілектер мен алғыс сөздер айтылды. Осы мерекелік іс-шара толығымен мұғалімдер қауымына арналып өткізілді.